2015 жылғы 7 тамыз, Астана, Үкімет Үйі
«Ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге
асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 20 сәуірдегі № 503 қаулысының күші жойылды
деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі №503 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №44, 598-құжат) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов.